|

«Оқитын ұлт — кітап арқылы білім мен дамуға»

Құрметті әріптестер!

Қазақстанда «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына старт берілді!

Еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларын «Оқитын университет» номинациясы бойынша қатысуға шақырамыз. Университет- тек білім мен ғылым ордасы ғана емес. Бұл — болашақ ұрпақтың тұлғасын, дүниетанымы мен зияткерлік мәдениетін қалыптастыратын орта. Дәл сол себепті, жоғары оқу орнының кітапханасы Қазақстандағы оқу мәдениетін жаңғырту және дамыту қозғалысының басты орталықтарының біріне айнала алады.

Қазақстан Республикасының университеттерін «Оқитын ұлт» республикалық марафонына қосылуға және өз университеттеріңіздің қаншалықты белсенді оқитынын көрсетуге шақырамыз! «Оқитын университет» номинациясы студенттерді, оқытушыларды, зерттеушілерді, кітапханашыларды және кітап сүйер қауымды біртұтас оқырман қозғалысына біріктіруді көздейді.

Университеттің қатысуы — бұл:

  • студенттер мен қызметкерлер арасында оқу мәдениетін қолдау;
  • кітапхананың үздік оқырмандық бастамалары мен жобаларын таныстыру;
  • жастарды кітапқа және саналы оқуға тарту;
  • университеттік оқудың өзіндік дәстүрлері мен форматтарын қалыптастыру;
  • еліміздің кітапханалары мен университеттерімен тәжірибе алмасу;
  • «Оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысының бір бөлігі болу мүмкіндігі.

ЖОО кітапханалары — қосылыңыздар! Кітапхана есігін айқара ашып, оқырмандарыңызды жинаңыздар және бүкіл елге өз университеттеріңіздің «оқитын университет» екенін паш етіңіздер!

Республикалық кітап оқу марафоны туралы толығырақ мына мекенжайдан біле аласыздар:

https://reading-nation.kz/?lang=kk

Similar Posts