IFLA 90-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі 2026 жылдың 10-13 тамызы аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді. 86-дан астам секциялық отырыстар мен мамандардың тұсаукесері өтетін негізгі орын BEXCO көрме орталығы болады. Шараны IFLA және Корей кітапханалары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады. Пусан көрме және конгресс орталығында (BEXCO) өтетін конгреске 100-ге жуық елден 3000-нан астам кітапханашылар, зерттеушілер, саясаткерлер және тиісті кәсіпқойлар қатысады деп күтілуде. Конгрестің негізгі тақырыбы «Кітапханалар трансформацияның қозғаушы күші ретінде» кітапханалардың жасанды интеллектке көзқарасы және оны жұмыс процестерінде пайдалану мәселелеріне арналады. Бағдарлама инклюзия мен әртүрлілікті қолдаудағы, тұрақты тәжірибені қолдаудағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы заманауи кітапханалардың рөліне назар аударады. Конгресс қатысушылары үшін әртүрлі кәсіби сессиялар, соның ішінде ашылу және жабылу салтанаттары дайындалды. Көрмеде ең жаңа кітапханалық технологиялар, білім беру мазмұны және мәдени ресурстар көрсетіледі.
Кітапхана қауымының кәсіби саласындағы осындай айтулы шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының өкілдерінен құралған қазақстандық делегация да қатысады. Оның табысты жемісті қатысуын және халықаралық серіктестікті нығайтуды тілейміз.
Қосымша ақпарат IFLA веб-сайтында: https://2026.ifla.org
