Құрметті әріптестер!
«Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атынан және жеке өз атымнан баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылының басталуы – жаңа мақсаттар мен жоспарлардың, тың бастамалар мен мүмкіндіктердің кезеңі. Жоғары оқу орнының кітапханасы — студенттер мен оқытушыларға әлемдік білім қорына, ғылыми жарияланымдар мен цифрлық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін университеттің заманауи зияткерлік және ақпараттық орталығы. Сіздер ғалымдар мен жас зерттеушілерге қажетті ақпарат көздерін іздеуде қолдау көрсетіп, ғылыми жарияланымдарды ілгерілетуге ықпал етесіздер, университеттердің зияткерлік мұрасын сақтап, ашық ғылым мен академиялық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосасыздар.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, бастамашылдығыңыз және кітапхана ісіне деген адалдықтарыңыздың арқасында университет кітапханалары алдағы уақытта да жоғары білім беру жүйесінің сенімді серіктесі, білім мен ғылыми ізденістің, кәсіби қарым-қатынас пен мәдени дамудың маңызды орталығы болып қала беретініне сенімдімін.
Жаңа оқу жылында әрқайсыңызға жаңа кәсіби идеялар, табысты жобалар, алға нық қадам басуға жігер және еңбектеріңіздің лайықты бағалануын тілеймін. Кітапханаларыңызда әрдайым білім мен шығармашылыққа, өзара қарым-қатынас пен жаңа ізденістерге толы ерекше атмосфера қалыптассын.
Сіздерге және ұжымдарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық шабыт, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
«Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы»
қоғамдық бірлестігінің президенті
Бақытжан Әсетілдаұлы Оразалиев
