Мүшелік

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы — кәсіби мамандарды, ғалымдарды, кітапхана қызметкерлерін және білім беру саласының өкілдерін біріктіретін алаң. Қауымдастыққа мүше бола отырып, Сіз тек кәсіби ортаға қосылып қана қоймай, саланың дамуына белсене араласасыз.

Қауымдастыққа мүшелікке кіре алады: 

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері ретінде кітапханалар;
  • Басқа коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар — қызметі кітапханамен байланысты, сондай-ақ университет кітапханаларын дамытуға ақпарат, қаржылық, техникалық және басқа да қолдау көрсетуге дайын заңды тұлғалар;
  • Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін кәмелет жасына жеткен Қазақстан Республикасының азаматтары.

Мүшелік артықшылықтары;

  • Конференцияларға, семинарларға, тағылымдамадан өтуге қатысу
  • Сараптамалық топтарға және кәсіби қауымдастыққа қол жеткізу
  • Сертификаттар алу
  • Әртүрлі аймақтардағы әріптестермен байланыс орнату
  • Ақпараттық қолдау
  • Әдістемелік кеңес беру

№АталымНаименованиеNameweb
1«Назарбаев Университеті» ДБҰ (Астана)АОО "Назарбаев Университет" (Астана)AEO "Nazarbayev University" (Astana)https://library.nu.edu.kz
2«А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институты» ББҰУВО "Евразийский гуманитарный институт им. А.К. Кусаинова" (Астана)HEI "Eurasian Humanitarian Institute named after A.K. Kusainov"https://egi.edu.kz/ru_ru/library
3«Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚАО "Казахский университет технологии и бизнеса им. К. Кулажанова" (Астана)JSC "K. Kulazhanov Kazakh University of Technology and Business"https://www.kaztbu.edu.kz/biblioteka?locale=ru
4«Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ (Алматы)НАО "КазНПУ им. Абая" (Алматы)NJSC "Abai Kazakh National Pedagogical University" (Almaty)https://library.kaznpu.kz
5«Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ (Алматы)НАО "КазНТУ им. К. Сатпаева" (Алматы)NJSC "Satbayev University" (Almaty)https://library.satbayev.university/kk
6«ҚазҚызПУ» КЕАҚ (Алматы)НАО "КазЖенПУ" (Алматы)NJSC "Kazakh National Women's Teacher Training University"https://tlibrary.qyzpu.edu.kz
7«Алматы технологиялық университеті» АҚ (Алматы)АО "Алматинский технологический университет" (Алматы)JSC "Almaty Technological University" (Almaty)https://library.atu.edu.kz/
8«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КЕАҚ (Астана)НАО "ЕНУ им. Л.Н. Гумилева" (Астана)NJSC "L.N. Gumilyov Eurasian National University" (Astana)https://library.enu.kz
9«С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» КЕАҚ (Астана)НАО "КазАТИУ им. С. Сейфуллина" (Астана)NJSC "S. Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University"https://library.kazatu.kz
10«Нархоз Университеті» КЕАҚ (Алматы)НАО "Университет Нархоз" (Алматы)NJSC "Narxoz University" (Almaty)https://narxoz.edu.kz/library
11«ҚБТУ» АҚ (Алматы)АО "КБТУ" (Алматы)JSC "KBTU" / Kazakh-British Technical University (Almaty)https://kbtu.edu.kz/ru/studentam/library
12«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ (Алматы)НАО "КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова" (Алматы)NJSC "Asfendiyarov Kazakh National Medical University"https://lib.kaznmu.edu.kz
13«Баишев Университеті» БМ (Ақтөбе)УЧ "Баишев Университет" (Актобе)HEI "Baishev University" (Aktobe)https://lib.bu.edu.kz
14«Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ» КЕАҚ (Орал)НАО "ЗКУ им. Махамбета Утемисова" (Уральск)NJSC "Makhambet Utemisov West Kazakhstan University" (Uralsk)https://lib.wku.edu.kz
15«М. Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ (Ақтөбе)НАО "ЗКМУ им. М. Оспанова" (Актобе)NJSC "Marat Ospanov West Kazakhstan Medical University"http://elib.zkmu.kz
16«М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ» КЕАҚ (Тараз)НАО "ТАРГУ им. М.Х. Дулати" (Тараз)NJSC "M.Kh. Dulaty Taraz Regional University" (Taraz)https://lib.dulaty.kz
17«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚАО "Международный университет информационных технологий" (Алматы)JSC "International University of Information Technologies"https://iitu.edu.kz/ru/for-students/library
18«Қ. Сағадиев атындағы UIB» ЖШС (Алматы)ТОО "UIB им. К. Сагадиева" (Алматы)LLP "K. Sagadiev University of International Business" (Almaty)https://lib.uib.kz
19«Алматы Менеджмент Университеті» БМ (Алматы)УО "Алматы Менеджмент Университет" (Алматы)HEI "Almaty Management University" (Almaty)https://lib.almau.edu.kz
20«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (Шымкент)АО "Южно-Казахстанская medical академия" (Шымкент)JSC "South Kazakhstan Medical Academy" (Shymkent)https://e-lib.skma.edu.kz/
21«КИМЭП Университеті» КЕАҚ (Алматы)НАО "Университет КИМЭП" (Алматы)NJSC "KIMEP University" (Almaty)https://www.kimep.kz/current-students/kz/library
22«Астана медицина университеті» КЕАҚ (Астана)НАО "Медицинский университет Астана" (Астана)NJSC "Astana Medical University" (Astana)https://amu.edu.kz
23«С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ (Өскемен)НАО "ВКГУ им. С. Аманжолова" (Усть-Каменогорск)NJSC "S. Amanzholov East Kazakhstan University"https://vku.edu.kz/mamraev-library
24«Алматындағы Қазақстан-Неміс Университеті» БМ (Алматы)УО "Казахстанско-Немецкий Университет в Алматы" (Алматы)HEI "Kazakh-German University in Almaty" (Almaty)https://jirbis.dku.kz
25«М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ» АҚ (Астана)АО "КазГЮУ им. М. Нарикбаева" (Астана)JSC "M. Narikbayev KAZGUU University" (Astana)https://library.mnu.kz
26«Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚНАО "Алматинский университет энергетики и связи им. Г. Даукеева"NJSC "G. Daukeyev Almaty University of Power Engineering..."https://libr.aues.kz
27«Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМКРГП на ПХВ "Казахская Национальная Академия хореографии"RSE on REM "Kazakh National Academy of Choreography"https://balletacademy.edu.kz/
28ESIL University мекемесі (Астана)Учреждение ESIL University (Астана)Institution ESIL University (Astana)https://esil.edu.kz/scientific-library
29«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚНАО "Кызылординский Университет им. Коркыт ата" (Кызылорда)NJSC "Korkyt Ata Kyzylorda University" (Kyzylorda)http://library.korkyt.kz
30«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚНАО "Кокшетауский Университет им. Ш. Уалиханова" (Кокшетау)NJSC "Sh. Ualikhanov Kokshetau University" (Kokshetau)https://shokan.edu.kz/ru/departments/library
31«Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» КЕАҚНАО "Международный университет туризма и гостеприимства"NJSC "International University of Tourism and Hospitality"https://lib.iuth.edu.kz/
32«Семей медицина университеті» КЕАҚ (Семей)НАО "Медицинский университет Семей" (Семей)NJSC "Semey Medical University" (Semey)https://smu.edu.kz/ru/obuchenie/biblioteka/
33«Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты» мекемесіУчреждение "Казахский автомобильно-дорожный институт им. Л.Б. Гончарова"Institution "L.B. Goncharov Kazakh Automobile and Highway Institute"https://www.kazadi.edu.kz/ru/nauka2/nauchnaya-biblioteka

НЕГЕ БІЗБЕН БІРГЕ БОЛУ КЕРЕК?

  1. Кәсіби байланыстар және әріптестік
  • Қазақстандық және шетелдік мамандармен тікелей қарым-қатынас;
  • Секцияларға, жұмыс топтарына және кәсіби клубтарға қатысу;
  • Жыл сайынғы форумдар, конференциялар және дөңгелек үстелдер.

 

2, Кәсіби даму және біліктілікті арттыру

  • Қауымдастық ұйымдастырған семинарларға, вебинарларға және тренингтерге жеңілдікпен қатысу;
  • Отандық және шетелдік сарапшылардың тәжірибесіне қол жеткізу;
  • Зерттеу жобалары мен жарияланымдарына қатысу мүмкіндігі.

 

3, Саланы дамытуға үлес

  • Кітапхана ісінің өзекті мәселелерін шешуге тікелей қатысу;
  • Білім және ғылым саласында ақпараттық-кітапхана саясатын қалыптастыру;
  • Кітапхана мамандарының мәртебесін арттыру.

 

4, Ақпараттық және әдістемелік қолдау

  • Саладағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру;
  • Кәсіби басылымдар мен бюллетеньдерге қол жеткізу;
  • Әдістемелік материалдар мен ұсынымдар алу.

5, Гранттар, наградалар және тану

  • Ассоциацияны марапаттау бағдарламаларына қатысу;
  • Кәсіби дамуға арналған гранттық бағдарламалар туралы ақпарат;
  • Номинациялар: «Жылдың үздік кітапханашысы», «Үздік кітапхана» және басқалары.

 ______________________________________________

МҮШЕЛІК ТҮРЛЕРІ

  Мүшелік түрі  сипаттамасы

Жеке мүшелік  Кітапхана қызметкерлері, зерттеуші ғалымдар, кітапхана мамандығының ардагерлері үшін. Дауыс беру құқығы, іс-шараларға қатысу, кәсіби ресурстарға толық қол жеткізу.

Ұжымдық мүшелiк Бiлiм беру мекемелерi атынан олардың кiтапханалары, өзге де ұйымдар мен кiтапхана iсiне, бiлiм мен ғылымға қатысы бар және кiтапханаларды дамыту үшiн ақпараттық, қаржылық, техникалық және өзге де қолдау көрсетуге дайын мекемелер үшiн. Ұйымның барлық қызметкерлері үшін жеңілдіктер, бірлескен жобаларға қатысу, мекеменің беделін арттыру.

________________________________________

КІРУ ШАРТТАРЫ

Қауымдастыққа кіру үшін бізбен электрондық пошта арқылы хабарласу қажет: info@librarian.kz

Қауымдастыққа кіру арқылы Сіз өзіңіздің біліктілігіңізді арттырып, пайдалы кәсіби байланыстар орнатасыз және кітапхана ісін дамытуға жеке үлесіңізді қосасыз.